3-маусымда Талдықорғанда ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды.
3 – 7-маусым аралығында Талдықорғандағы «Жастар» спорт сарайында ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Жарысқа 200-ден астам қазақстандық спортшы қатысады. Үздіктері ҚР Олимпиадалық құрамасындағы орындарға таласады, деп хабарлады ауыр атлетика Федерациясы.