ЭКСПО-2017 көрмесіне Тайсон келеді дейді

130 просмотров

Астанада 2017 жылы өтетін ЭКСПО көрмесіне Майк Тайсон мен Геннадий Головкин қонақ ретінде шақырылмақшы.

Бұл туралы Астана ЭКСПО — 2017 көрмесінің ресми сайты хабарлады.

«Халықаралық мамандандырылған көрме Астана қаласында 2017 жылғы 10 маусымнан 10 қыркүйек аралығында өтеді, оның барысында қол қойылған меморандум шеңберінде World Boxing Council 55 мерейтойлық Конвенциясын және Майк Тайсон, Геннадий Головкин мен т.б. атақты боксшылардың қатысуымен кәсіби бокc кешін өткізу жоспарланғанын атап кеткіміз келеді», — делінген ұлттық компанияның ресми сайтында.

Еске сала кетейік, Головкин ЭКСПО көрмесі аясында Астанада кездесу өткізуі мүмкін деген хабар тараған болатын. Әзірге, отандық боксшының кешке қандай мақсатпен қатысатыны белгісіз.

Ал Майк Тайсон ЭКСПО көрмесі кезінде Қазақстанға екінші рет келмекші.

v8zudx13dd0

Загрузка...