Үндістанның Кашмир аймағында үкімет әскері мен ереуілшілер арасында болған қақтығыс кезінде тағы 2 адам ажал құшты. Үнді билігі енгізген коменданттық сағатқа қарамастан жанжал екінші апта толастамай отыр.
Бұл туралы Еuronews.com хабарлайды.
Жергілікті полиция өкілінің мәлімдеуінше, бір адам жарақаттанып көз жұмған. Екіншісіне оқ тиген.
Айта кеткен жөн, Кашмирде соңғы кездері Үндістан билігіне қарсы назазылық шаралары жиілеп кетті. Бұған үнді үкіметінің 8 шілдеде көтерілісшілердің бірнеше көшбасшысын өлтіруі себеп. Бұған дейінгі жаппай қақтығыстар салдарынан 48 шеруші жан тапсырған. Құрбандар арасында жасөспірімдер де бар. Сонымен бірге бір полиция қызметкері қаза тапты.