Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Екі пойыздың жолаушыларына билет ақшасы қайтарылып беріледі

31-шілдеде Астана уақытымен сағат 03:25-те Әйтеке би ауданының орталығынан 74 шақырым қашықтықта “Әйтеке би — Никельтау” теміржол аралығында руда тиелген 22 вагон жолдан шығып кетіп, салдарынан теміржолдың төсемдері бүлінген болатын. Көз жұмғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Бірден теміржол төсемін қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды. Қалпына келтіру жұмыстарына 86 адам, “Қазақстан теміржолы” ҰК” АҚ Әйтеке би және Қандыағаш станцияларына қарасты екі қалпына келтіру пойызы жұмылдырылды. Сағат 17-00-де 2 вагон теміржолға қойылды, тағы 20 вагон теміржол бетінен алынды.

Апат салдарынан “Астана-Атырау” және “Астана-Ақтөбе” бағытындағы жолаушылар пойызы кестеде белгіленген уақыттан көп бөгелді. Қазіргі уақытта пойыздар қозғалысы қалпына келтірілді.

“Жүк вагондарының жолдан шығып кетуінен бөгелген пойыздардың жолаушыларына билет ақшасы қайтарылады. Оларға кассаларға бару керек”, — делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз