Екатеринбор-Алматы тас жолында орын алған ірі көлік апатына қатысты тың мәлімет жарияланды

51 просмотров

Қостанай облысында Екатеринбор-Алматы тас жолында рейстік автобус пен жүк көлігінің соқтығысуы кезінде зардап шеккендерге қатысты жаңа мәлімет жарияланды.

Екатеринбор-Алматы тас жолында тіркелген жол-көлік оқиғасы кезінде қаза болғандар арасында Ресей Федерациясының екі азаматы бар. Бұл туралы ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

— Автобуста 44 жолаушы, екі жүргізуші, жүк көлігінде бір адам болған. Жол-көлік оқиғасынан 37 адам зардап шекті, олардың алтауы қаза тапты: екеуі РФ азаматы, үшеуі ҚР азаматтары, біреуінің аты-жөні анықталып жатыр. Ауруханаға 8 адам жатқызылды, оның бесеуі — РФ азаматы, үшеуі — ҚР азаматы. 23 адамға медициналық көмек көрсетілді, оның ішінде еліміздің, Ресейдің және Тәжікстан азаматтары бар, — деді ҚР ІІМ төтенше жағдайлар жөніндегі комитетттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Оның айтуынша, зардап шеккендер Қостанай қаласындағы облыстық ауруханаға жатқызылған. 3 адамның жағдайы ауыр, қалғандарының хәлі бірқалыпты.

Қостанай облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті ірі жол апатына байланысты жедел телефон желісін іске қосты.

Телефон нөмірі 8 (7142) 50-36-24. Сондай-ақ, жараланған адамдарға психологиялық көмек көрсетіп, қосымша ақпарат беру үшін 122 нөмірі жұмыс істеді. Психологтар жұмыс істеуде.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың 27 шілдесінде сағат 18.00 шамасында Қостанай облысында «Челиябинск-Жітіқара» тас жолының 391 шақырымында «Ивеко Магирус» маркалы көлік Қостанайдан Ресей Федерациясына қарай беттей отырып, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Соның салдарынан жолаушылар тасымалдайтын автобусқа соқтығысқан.

Загрузка...