EgyptAir ұшағы лаңкестік әрекеттің құрбаны болуы мүмкін — сарапшылар

29 просмотров

Мысырдың Азаматтық авиация министрлігі EgyptAir авиакомпаниясының А320 лайнерінің апатқа ұшырағанын растады. Ұшақ Парижден Каирге бет алған, Мысыр жағалауынан шамамен 280 шақырым жерде радардан жоғалып кеткен.

EgyptAir-flight

 

Ұшақта 12 мемлекеттің азаматтары болған. Жолаушылардың жалпы саны — 56. Экипаж мүшелері сегіз немес тоғыз болуы мүмкін деп хабарлануда.

Мысыр Авиация министрлігіндегі дереккөздер MS805 рейсінің жоғалып кеткен ұшағында  Жер орта теңізіне құлар алдында жарылыс болуы мүмкін екенін мәлім етті.

Сарапшылардың айтуынша, бортта теракт болуы мүмкін. «Россия 24» арнасына берген сұхбатында Ресейдің еңбек сіңірген ұшқышы Юриф Сытник экипаж апат дабылын қоспағанын айтты,

— демек, бұл ұшақтың ауада апатқа ұшырағанын білдіреді, деді ол.

Загрузка...