«Единая Россия» сайлауалды үгіт-насихат кезінде плагиат орын алғанын мойындады

34 просмотров

Швед суретшісі Нильс-Петтер Эквалл Ресейдің биліктегі «Единая Россия» партиясын өзінің сайлауалды үгіт-насихатқа арналған суреттерін рұқсатсыз пайдаланып отыр деп айыптады. Суретшінің өзі бұл жөнінде Behance сайтына жазды.

Партия өкілдері швед журналистеріне суретшінің картинасы шын мәнінде Нижний Новгород қаласында сайлауалды науқанда пайдаланылғанын растады.

Партия өкілі Роман Зорин «Единая Россия» енді ол картинаны бұдан былай пайдаланбауға уәде беріп, суретшінің өзімен хабарласып кешірім сұрап, өтемақы төлеуге келісетінін жеткізді.

Суретшінің өзі ақша өзінің өмірінде үлкен рөлге ие емес екенін айтып, Ресей секілді ел өзінің туындысын дөрекі түрде пайдаланғаны ашу-ызамды туғызды деп мәлімдеді.

fe6d1b03-3a44-4653-859d-f09011fa879c_w987_r1_s

Загрузка...