Келіссөздердің басты тақырыбы – әскери қимылдарды үйлестіру мәселесінде бір келісімге келу.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Женеваға барды, бүгін олар Сириядағы жағдайды талқылайды.
Вашингтон мен Мәскеудің хабарлауларынша, келіссөздердегі басты тақырып – Сириядағы әскери іс-қимылдарды үйлестіру жөніндегі орталық келісімге келу.
АҚШ қарулы оппозицияны қолдайды, ал Ресей президенті Башар Асад жүйесіне көмектесіп жүр.