Душанбеде Орталық Азиядағы сейсмикалық қауіпсіздік мәселесі талқыланып жатыр

13 просмотров

Душанбеде «Орталық Азиядағы сейсмикалық қауіпсіздік» тақырыбында халықаралық ғылыми форумның жұмысы басталды. Оған әлемнің 16 елінен 30-дан аса ғалым қатысып жатыр.

Тәжікстанның Ғылым академиясының президенті Фарход Рахими Озоди радиосына аталған форумда тәжік ғалымдары елдегі су қоймаларындағы бөгеттердің жер сілкінісіне қаншалықты төтеп бере алатыны жөніндегі зерттеулерін жариялайтын болады дейді.

Бұл форумда сонымен бірге таулы аймақтардағы ГЭС бөгеттерінің сейсмикалық қауіпсіздігі мәселелері, Орталық Азия елдеріндегі сейсмикалық мониторинг жүргізу мәселесі қаралады. Форумға қатысушылар бірлескен мәлімдеме жасайды деп күтіледі.

Бұл форум Тәжікстанда Рогун ГЭС бөгетінінің құрылысы Орталық Азия елдерінің қарсылығына тап болған кезде өтіп жатыр. Атап айтқанда, Өзбекстан сейсмологтары Рогун ГЭС жер сілкінісі қаупі жоғары аймақта салынып жатыр, бұл барлық аймаққа қауіп төндіреді деп мәлімдеді. Бірақ тәжік ғалымдары мұндай мәліметті жоққа шығарады.

Загрузка...