Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Дубайда өз жерлестерін бопсалаған үш қазақстандық сотталғалы жатыр

29, 51 және 52 жастағы ер адамдар 40 жастағы қазақстандық кәсіпкерді қорқытып, ай сайын ақша төлеуін талап еткен.

Қазақстандық бизнесменнің айтуынша, 2016 жылдың наурызында бұл ер адамдар оның Пальма Джумейрадағы үйіне заңсыз кіріп алған. Ол кезде кәсіпкер үйінде болмаған екен.

Кейін, 29-наурызда бизнесмен тренажер залында жаттығып жатқанда екі ер адам келіп, олардың бастықтарымен кездесуді сұраған.

Дубай полициясын ескерткен бизнесмен олармен бірге дәмханалардың біріне барған. Күдіктілер сол жерде ұсталды. Кәсіпкердің сөзіне қарағанда, банда ақша төлеуден бас тартқан жағдайда оның балаларын ұрлаймыз, Қазақстанда тұратын анасын өлтіреміз деп қорқытқан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз