Допинг дауы: федерация спорттан шеттетілген ауыратлеттерге қатысты түсінік берді

81 просмотров

Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы Жасұлан Қыдырбаев, Алмас Өтешов және Ермек Өміртайдың допинг қолданғаны үшін үлкен спорттан шеттетілгені жайлы ресми мәлімдеме жасады.

Айта кетелік, аталған спортшылар 4 жылдан 8 жылға дейінгі аралықта спорттан шеттетілген болатын.

Қазақстан ауыр атлетика федерациясы:

«қазақстандық ауыратлеттер  тыйым салынған препараттардың ағзасына қасақана түспегенін дәлелдей алмады»

– дейді.

«Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Хьюстондағы әлем чемпионатынан кейін 2015 жылдың желтоқсанында допинг-сынамаларында тыйым салынған субстанциялар анықталған қазақстандық спортшылар Алмас Өтешов, Жасұлан Қыдырбаев және Ермек Өміртайларға қатысты жаза шығарды.

Олардың жазасының осыншалықты ұзақ болуы спортшылардың ағзаға тыйым салынбаған препараттың қасақана түсірілмегенін дәлелдей алмауына байланысты. ХААФ тәртіптік комиссиясының пікірінше, атлеттер ішкен қосымша астарына қажетті түрде назар аудармаған», — делінген федерацияның сайтында жарияланған ресми хабарламада.

 

Загрузка...