Донбастағы сепаратистер 107 адамды кепілде ұстап отыр

29 просмотров

Украинаның шығысында ресейшіл сепаратистер 107 адамды кепілде ұстап отыр, оларды 64-і — әскер қызметкерлері. Бұл туралы Жоғарғы Рада төрағасының бірінші орынбасары Ирина Геращенко өзінің Фейсбук парақшасында хабарлады.

Оның айтуынша, Донбастағы жағдайды реттеуге арналған Минск кездесуі барысында 45 адамның қайда екені анықталған. Өткен аптада кепілде отырғандарға БҰҰ қызметінің өкілдері жіберілді, деп жазды Геращенко.

Бұдан бөлек ресейлік түрмелерді 10 украиналық саяси тұтқын отыр деді ол.

Бұған дейін Украина президенті әкімшілігінің ғимараты алдында «Өз адамдарыңды тастама» деп аталатын акция өтті. Оны Донбаста және Ресейде тұтқында отырғандардың туыстары ұйымдастырды. Акцияға Жоғарғы Рада депутаты Надежда Савченко қатысты. Бірнеше ондаған адам мемлекет басшысы Петр Порошенкоға үндеу хат жолдады. Хатта тұтқындарды босатып алу үшін нақты шаралар қолдану талап етілген.

Загрузка...