Доллар долдануда. Осы аптада теңге тағы әлсірейді

116 просмотров

Қыркүйектің 13-16 аралығындағы теңге бағамына қатысты қызық болжам пайда болды. Оған сенсек, осы аптада теңге тағы әлсірейді.

9-қыркүйекте АҚШ-тың федералдық резерв жүйесінің өкілдері әлемдік экономикадағы тәуекелдерді төмедету мақсатында базалық ставканы тезірек көтеру қажеттігі туралы мәлімдеме жасады.

Аталмыш мәлімдеме алдымыздағы аптада теңге бағамының қалыптасуына тікелей әсер ететін болады. Бұл жаңалықтан кейін инвесторлар тәуекелділігі жоғары активтердегі қаржыларын шығара бастады,

бұл мұнай құнының бір күн ішінде күрт 4 пайызға құлдырауына әкеліп соқты,

ал АҚШ доллары 0,4 пайызға көтерілсе, ресейлік рубльдің биржалық бағамы 1,3 пайызға төмендеді.

Бұдан бөлек, америкалық Baker Hughes мұнай сервис компаниясының статистикалық мәліметтеріне сәйкес, АҚШ-тағы мұнай бұрғылау қондырғылары бір аптада 7 данаға артқан, бұл да мұнай құнына қысым көрсететін болады.

Жоғарыда аталған факторларды ескере отырып, теңге әлсіреп, биржалық бағам АҚШ-тың бір доллары 338-344 теңге шамасында қалыптасады деп болжауға болады.

Дереккөз: 365info.kz

Загрузка...