Нұр-Сұлтан
Қазір
19
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Доллар қайтадан өседі дей ме?

Аталған интернет ресурсқа берген сұхбатында “Forex club” компаниялар клубының сарапшысы Анатолий Ахметов

осы аптада ұлттық валютамыздың долларға қатысты құны 335 пен 337 теңге аралығында құлдырауы мүмкін екенін айтқан.

Маманның айтуынша, бұл аптада мұнай құны біркелкі болып, нарықтағы бағасы барреліне 50 мен 47 доллар арасында болады.

– Өткен аптада мұнай бағасы Федералды резерв жүйесінің отырысының хаттамасы мен нарықтағы мұнай қорының көбеюіне қарамастан, салыстырмалы түрде, жоғары шамада бекітілді, – дейді сарапшы.

Дегенмен, Канаданың мұнайлы құмдарының маңында болған өрттен соң мұнайды қайта өндіре бастағанның әсерінен «қара алтынның» құны тұрақсызданады. Оның үстіне, Иран да бір күнде өндірілетін мұнай қорының көлемін 4 млн баррельге дейін арттырып жатыр.

Осындай халықаралық жайттарды мысалға келтірген сарапшы:

«Долларға қатысты теңге құны баррель бағасына тікелей байланысты екенін ескерсек, мұнай қорының үздіксіз ұлғаюынан ұлттық валюта біршама әлсіреуі мүмкін»

дейді.

Ал «ФИНАМ» инвестициялық холдингінің сарапшысы Богдан Зварич Иранның «қара алтын» қорының қайта артуының әсерінен баға барреліне 48 долларға қайта тұрақтайды деп болжайды.

Қатардың энергетика министрі, ОПЕК-тің қазіргі басшысы Мухаммед бен Салех ас-Сада «барреліне 65 доллар – әділетті баға» деп санайды. «Associated Press» басылымына берген сұхбатында министр мұнайға сұранысты жасанды азайту арқылы осындай көрсеткішке қол жеткізуге болатынын айтты.

Енді 2-маусым күні ОПЕК-ке кірмейтін елдермен болатын кездесуде өндірілетін мұнай қорын төмендету жайлы мәмілеге келмесе, теңгенің долларға қатысты құны ары қарай да құлдырай бермек.

Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры да ұлттық валютаның құлдырауын болжап отыр.

Қордың Зерттеулер мен мағлұматтарды басқару департаментінің ашық есебінде

«2016 жылы халықаралық нарықта жағдай тұрақталады, бір доллар құны 355 теңге шамасында тұрақталады»

делінеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз