Доллар 336 теңгеге көтерілді

23 просмотров

5 мамырда Қазақстан қор биржасындағы таңғы сауда-саттық сессиясында доллардың орташа бағамы 335,86 теңгені құрады.

dollar-vzletel-e1460973934644

KASE келтірген деректер бойынша, бейсенбі күнгі таңғы сессиядағы АҚШ доллары сауда-саттығында оның ең төменгі бағамы 332 теңге 50 тиынды көрсетсе, жоғарғы деңгейі – 337 теңгені қамтыған. Ал сауда-саттықтың жабылу кезіндегі доллардың бағамы 336,30 теңгені көрсеткен.

Биржа мәліметтеріне сүйенсек, 5 мамырда таңғы сессиядағы АҚШ доллары бойынша сауда-саттық көлемі 131 млн 250 мың долларды құраған. Валюталар бойынша жасалған операциялар келісімшарты – 234.

Загрузка...