Доллар 5 теңгеге өсті

24 просмотров

Қазақстан қор биржасында шетел валюталырының таңғы сауда-саттық операциясы аяқталды. Оның нәтижесінде 1 АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамы 5 теңгеге өсті. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының сайтында хабарланады.

Орташа есеппен 1 АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамы 334,89 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі — 54 млн 600 АҚШ доллары.

 

Ал евро бойынша қор биржада сауда-саттық жасалмаған. Орташа қытай юанының теңгеге шаққандағы бағамы 51,06 теңгені құрады. Юань бойынша сауда-саттық көлемі — 1 млн 300 юань.

 

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттыққа 21 өкіл қатысқан.

Загрузка...