Рио Олипиадасының чемпионы Дмитрий Баландин 2020 жылы Токиода өтетін келесі Олимпиадаға белсенді түрде дайындалуды жоспарлап отыр.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
«Менің жоспарымда Токио Олимпиадасына дайындық еніп отыр және сол дүбірлі додада лайықты нәтиже көрсетуге тырысамын. Ал енді басқа қашықтықтарға тоқталатын болсам, осы ретте жүз метрліктегі жарыста өзімді шыңдауға ниеттімін. Сонымен қатар 50 метрге де дайындаламын. Сондықтан жұмысты жандандырып, өзімді жетілдіріп, алдағы жарыстарда тағы да жеңіске жетуді мақсат тұтып отырмын»,-деді Д. Баландин Орталық коммуникациялар қызметінде.