Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
6
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Дінтанушы: Ақтөбедегі бүлікшілердің әрекетіне имамдарды кінәлау – орынсыз

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ғұламалар кеңесінің кезектен тыс отырысында белгілі дінтанушы ғалым Мұхан Исахан имамдар жат ағыммен ағартушылық бағытта талмай жұмыс жасап келе жатқанын жеткізді. Бұл туралы мүфтиаттың ресми сайтында айтылады.

– Ақтөбедегі жағдай барлығымыздың жанымызға батып отыр. Бүлікшілердің әрекетіне имамдарды кінәлау – орынсыз. Қай тұрғыдан алып қарасақ та имамдар қорғансыз. Бұл бағыттағы жұмысқа діни басқармамен қоса, ең бірінші, құқық қорғау органдары да жауапты. Дін қызметкерлі жат ағыммен ағартушылық бағытта үздіксіз жұмыс жасап келеді, – деп атап өтті Мұхан Исахан.

Басқосу барысында ғұламалар Ақтөбеде орын алған лаңкестік оқиғаға байланысты үндеу қабылдап, елдегі діни ахуалдың жайын, дін мамандарының діни тұрақтылықты қамтамасыз ету жолын, қоғамның діни сауаттылығын көтеру мәселесін талқылады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз