Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Діни басқарма: табысы мол кәсіпорындарға салафиттерден сақтанған жөн

Бұл қазақстандық радикалдардың мұнай өнімдерін ұрлау және сату сияқты табыс табудың оңай жолын таңдаған Сириядағы ДАИШ содырлары салған соқпаққа түсті деген сөз бе?

Шейх Мұхаммад Хусейн Алсабеков, сурет armedia.am сайтынан алынды

— Қарапайы сөзбен айтсақ, қасқырдың аңдығаны — қой қора демекші, содырлардың көксегені жеңіл табыс, яғни, ақша табу, — дейді 365info медиапорталына түсінік берген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат бөлімінің басшысы шейх Мұхаммад Хусейн Алсабеков. — Оларға өздерін асырап, идеяларын таратуға қаражат қажет қой. Сондықтан табысты ірі кәсіпорындардың басшылығына осы жағын ойластырып, қырағы болған жөн.

— Неліктен мұндай жағдай қайтадан Ақтөбеде орын алды?

— Өйткені сырттан келген күмәнді мазмұндағы діни идеялар әу-бастан Қазақстанның батысында орын тепкен-ді.

ДАИШ — саяси жоба

— Сырт деп қай аймақты айтып отырсыз? Кавказды ма?

— Кавказда содырлар жоқ. Мен биыл Шешенстанда болдым, бірақ бір де бір террористі көрген жоқпын. Ал қазақстандық жастарға келетін болсақ, өз халқының тарихы мен дәстүрлері туралы білмегендіктен оларды күмәнді миссионерлер оп-оңай жетегіне алды. Сөйтіп, жастардың тап-таза санасын теріс ақпаратпен, идеялармен улап жатыр.

Осы орайда,

мен теріс ағымдардың арбауына түскен жастардың әлі күнге дейін қасиетті іс атқарып жүрмін деп ойлатынына күйінемін. Шын мәнінде, олар исламнан алшақ жүр

Өйткені, ислам — бейбітшілік.

— Бір де бір дәстүрлі дін соғысты, қырғынды қолдамайды. Ендеше, кейбір қазақстандықтардың ДАИШ жағында соғысу үшін Сирияға баруға ұмтылатынын қалай түсінуге болады?

— Өз басым, ДАИШ — Батыстың саяси жобасы деген ойдамын. Ол бір ғана мақсатта — мұсылмандарды бір бірімен қырылыстырып, олардың табиғи байлығын тартып алу үшін құрылған.

365info.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз