Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Дін өкілі Оразада қалай дұрыс тамақтану керектігін түсіндірді

387

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шариат және пәтуі бөлімінің жетекшісі Мухаммед-Хусейн қажы Алсабеков ыстық күнде адам шөлдеп немесе ұзақ уақыт арасында ашығып қалмас үшін қалай тамақтану керектігін айтты, деп жазады bnews.kz сайты.

– Қандай мезгіл болмасын әр жылы Оразаның алғашқы күнінде ауыз бекіткен жандар қиналады. Бірнеше күннен кейін оған үйреніп те кетеді. Мұсылман адам ұзақ уақыт кезінде қатты ашығып қалмас үшін, ауыз ашқанда бірден көп тамақ жемеуі керек. Алдымен асқазанға жеңіл тамақ „ұсыныңыз„. Араға біраз уақыт салғаннан кейін жақсылап тамақтанып алуға болады. Сондай-ақ, көпшілік ұйықтап, сәресін ішпей қалатын жайттар болады. Мен ондай кісілерге қалай қиналса да тұрып, нәр татып алуға кеңес беретін едім. Көпшілік үйдегі тағамның барлығын бірден жеп алады. Оразада негізі, керісінше, қаншалықты жеңіл тамақтансаңыз соншалықты жеңіл жүресіз. Ауыр тамақтардың барлығы тойымды бола бермейді, – дейді Мухаммед-Хусейн қажы Алсабеков.

Ол сондай-ақ, былтырғымен салыстырғанда, биыл Ораза ұстау жеңілірек болатынын айтып өтті.

– Өткен жылы ауыз бекіту уақыты ұзақ, күн биылғыға қарағанда, ыстық болды. Сондықтан биыл ауыз бекіткендер былтырғыдай қиналмайды, – деді Діни басқарма қызметкері.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз