Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Дін істері министрлігі орыс тілі барлық мешітте қолданылмайтынын айтты

Министрлікке исламға қызығушылық танытып жүрген бірқатар діндарлардың мешіт имамдарының уағыздарын толық түсінбейтіні туралы ел азаматтарынан өтініштер түсіп отырады. Өтініштерде сондай діндарлардың осы себепті ислам туралы ақпаратты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми көздерінен тыс жерлерден, оның ішінде теріс діни ағымдардың ұстанушыларынан алуға мәжбүр болатыны туралы айтылады. Сәйкесінше, өтініш жасаушы азаматтар халықаралық тәжірибені ескере отырып, мешіт имамдары ресми уағыздардан кейін қазақ тілін айтарлықтай меңгермеген азаматтар үшін орыс тілінде де түсіндірме беруді ұсынады.

Осы ретте, аталған мәселе тұрғындарының құрамы көптеген этностан тұратын елдімекендердегі жекелеген мешіттерге ғана қатысты екендігін айта кетуіміз керек.

Министрлік, өз кезегінде, азаматтардан түсіп отырған кез келген өтініштерді қарастыруға және оларды талдап отыруға міндетті. Осы орайда, министрлік құзыретіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ішкі мәселелерінің шешімін табу кірмейтінін айта кеткіміз келеді. Сондықтан жоғарыда аталып отырған мәселе бойынша, мешіттерге келушілердің пікірлерін ескере отырып, шешім қабылдауы тиіс Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына хабарласуды ұсынамыз.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті еліміздің Конституциясында кепілдік берілген сөз бостандығына құрметпен қарай отырып, отандық бұқаралық ақпарат құралдарын дін тәрізді өткір салада туындап отыратын мәселелер туралы екіұдай ақпарат беруге жол бермеуге және тұрғындарға шынайы ақпаратты дұрыс жеткізуге шақырады», делінген министрлік таратқан хабарламада.

Еске сала кетелік, кеше Астанада «Қазіргі кезеңдегі экстремизм мен терроризмнің алдын алу мен жолын кесудің заңнамалық және институционалдық шаралары» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Онда мешіттердегі уағызды орысша жүргізу туралы ұсыныс та қаралды. Бұл ретте қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан жаңадан құрылған Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев ол арада талқыланған мәселелерге қатысты пікірін тек орыс тілде ғана емес қазақша да білдіру керек деп есептейтіндігін айтты.

— Өйткені, жастардың басым көпшілігі — қазақ тілді. Бүгінгі жастар сізді түсінбейді. Сіздің „мешіттердегі уағыз орыс тілінде болуы керек„ деген сөзіңізді қолдамаймын. Мешітке баратын жамағаттың 99 пайызы — қазақтілді азаматтар», — деді ол министрге қарата.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз