Елбасының Жарлығымен Марат Бекетаев ҚР Әділет министрі болып тағайындалды.
Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.
„Марат Бекетаев ҚР Президенті әкімшілігі жетекшісінің орынбасары қызметінен босатылып, ҚР Әділет министрі болып тағайындалсын„ делінеді Мемлекет басшысының жарлығында.
Ол алдында ҚР Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарған.