Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Әділбек Жақсыбеков: Тәртіпті бұзған мемлекеттік қызметкерлер қатаң жазаланады

ҚР Президенті әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков бүгіндері мемлекеттік қызметкер қоғамдық тәртіпті сақтап, өзінің қылығын әрдайым тезден өткізуі керек дейді деп хабарлады Zakon.kz.

„Мемлекеттік қызметкер этиканы сақтауға барынша көңіл бөлуі тиіс. Елбасының жарлығымен Этикалық кодекс қабылданды, оған сәйкес орталық және жергілікті атқарушы органдарда этика бойынша кеңестер құрылуы керек. Қазір мемлекеттік қызметкерлерге халықтың назары ерекше ауған. Барлығы лезде интернет пен әлеуметтік желілерде пайда бола қояды„ – деді ол ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен кеңейтілген отырыста.

Бұл ретте Жақсыбеков бірнеше мысалды алға тартты.

„Соңғы кездері бірнеше басшының қылығы қоғамның назарына түсіп, жалпымен талқыланды. Мысалы, өз қабылдауында болған азаматпен дөрекі сөйлескен Алматы облысы Қапшағай қаласының бұрынғы әкімі. Оңтүстік Қазақстан облысында төбелес болып, аудан әкімін сабап тастаған жай тағы бар. Президент әкімшілігінің араласуынан кейін ғана әкімдіктер мен осы агенттіктің өңірлік департаменті қимылдап, нақты шаралар қабылдады. Тәртіпті бұзғандар жұмыстан қуылды„ – деді ҚР Президенті әкімшілігінің жетекшісі.

Жақсыбеков мемлекеттік қызметкерлерге өздерінің дөрекі әрекетімен мемлекеттің беделін түсіріп, билікке деген сенімсіздікті ұялатасыздар деп айтты. Сондықтан да мұндай мемлекеттік қызметкерлер қатаң жазасын алуы керек.

Сөз кезегінде агенттіктің төрағасы Қайрат Қожамжаров мемлекеттік қызметке үміткерлерді саралау кезінде үкіметтік емес ұйымдардың потенциалын пайдалану қажеттігін мәлімдеді.

– Тәжірибеде мемлекеттік қызметкерлерді іріктеу комиссиясының шалалығы бірнеше рет дәлелденген. Өйткені комиссияға алынғандардың көбісі – бағынышты адамдар. Сондықтан бұл ретте тәжірибе жасап, үкіметтік емес ұйымдардың потенциалын байқап көруге болады. „Азаматтық бақылау„ мемлекеттік жобасы аясында істейтін үкіметтік емес ұйымдардың адамдарын комиссияға тартып көру керек секілді.Сонда біз бұл істе ілгерілеуге қол жеткізе аламыз деп ойлаймын, – деді ол.

Оның айтуынша, қазір мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын тағайындау жүйесіне әділ қағидаттар енгізіп жатыр.

– Біз әрбір мемлекеттік қызметкердің еңбегін тіркеп, бағалайтын жоспар құрмақпыз. Оны тәжірибеде сынап та көрдік. Мысалы, зерттей келе, мемлекеттік қызметкерлердің 11 пайызы қалтқысыз, мінсіз жұмыс істейді, ал 63 пайызы – тиімді, тек 26 пайызының жұмысы қанағаттандырарлық деңгейге жататынын анықтадық, – дейді Қайрат Қожамжаров.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз