2017 жылды Өзбекстан билігі “Халықпен байланыс және адам мүдделерін ескеру жылы” ретінде жариялады. Бұл туралы 7 желтоқсанда Конституция күні құрметіне арналған салтанатты жиында Өзбекстанның жаңадан сайланған президенті Шавкат Мирзиёев мәлімдеді.
Өзбекстан президентінің бұл ұсынысын жиналған жұртшылық ұзақ қол шапалақтау арқылы жылы қабылдады. Салтанатты жиынға мемлекеттік және қоғам қызметкерлері, дипломаттар, ғылым, мәдениет және өнер өкілдері жиналды.
Мысалы, 2016 жыл Өзбекстанда “Ана мен бала денсаулығы жылы” деп жарияланған еді.