Ертең Мәжіліс депутаттары жаппай қалалық сенбілікке қатысады.
24 қыркүйек күні елордада «Астана – таза қала!» атты жалпықалалық сенбілік өтеді.
Мәжіліс Аппаратының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, парламентарийлер мен мемлекеттік қызметкерлер Еңбекшілер көшесінен бастап «Нұра» каналына дейінгі Керей мен Жәнібек хандары көшесін көгалдандырып, абаттандыратын болады.