Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Депутат мектепте әскери дайындық пәнінде арнайы киім талап етуге тыйым салуды ұсынды

375

Ал жалпы орта білім беретін мектептердегі алғашқы әскери дайындық пәніне 10-11 сынып оқушылары жинақы киім киіп келуі міндеттеледі. Дегенмен, ережеге сәйкес осы пән оқытушысы сабақ басталмас бұрын оқу топтарына немесе взводқа қандай киім киетіндері туралы хабарлауы керек. Яғни, оқытушы оқушылардың қандай киіммен келетінін өзі айқындайды, – деді депутат Айқын Қоңыров.

Оның айтуынша, соңғы уақытта ата-аналар 10-11 сынып пен колледж оқушылары алғашқы әскери дайындық пәніне арнайы киім талап етілетінін айтып шығамданған. Ал бұндай арнайы киімдер жиынын сатып алу 20-30 мың теңгеден асады.

– Бұл отбасылық бюджет үшін айтарлықтай салмақ. Оның үстіне ата-аналар қыстың күні әскери оқуға қатысты қыстық киім үлгілері де талап етіле ме деп алаңдайды. Оның бағасы жоғарыда айтылғаннан 2-3 есеге қымбат шығады. Осыған байланысты орта мектептерде алғашқы әскери дайындық сабағына арнайы киім үлгісін талап етуге тыйым салу керек деп санаймыз.

Оқушылардың бұл сабаққа күнделікті немесе спорттық киім үлгісін киіп қатысуларына еркіндік берілуі тиіс. Олай болмаған жағдайда бұл киім үлгісін алуды Қорғаныс министрлігінен арнайы қаражат бөлу арқылы қамтамасыз ету қажет деп санаймыз, – деді Айқын Қоңыров.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз