Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Денсаулығы сыр берген қырғыз президенті демалысқа шықты

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев жүрек сырқатына байланысты Нью-Йоркте өтетін БҰҰ Бас Ассамблеясының 71-сессиясына қатыспайтыны хабарланған. Атамбаев мінген ұшақ Стамбулдағы Ататүрік әуежайына қонғанда, президент өзін жайсыз сезініп, оған алғашқы медициналық көмек көрсетілген еді.

Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясына Қырғызстан делегациясын сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаев бастап барады.

19 қыркүйекте Нью-Йоркте Қырғызстанның өтпелі кезеңнің президенті болған Роза Отынбаева БҰҰ лидерлер кеңесінің отырысына қатысқан. Оның сонымен бірге әлемдік әйел лидерлер кеңесінің ұйымдастыруымен өтетін «Әйелдерге қатысты зорлықтың экономикалық құны» деген тақырыпта өтетін жарыссөзге қатысатындығы айтылады.

snimok-ekrana-ot-2016-09-20-17-04-19

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз