Денсаулық министрі Қарағанды мен Семейдегі медициналық нысандарға қатысты есеп берді

24 просмотров

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Зәуреш Аманжолова құрылысы бітпей жатқан медициналық нысандар мәселесін көтерді. Халық қалаулысы министрден бүгінде құрылысы тоқырап қалған нысандардың қашан пайдалануға берілетінін сұрады.

Денсаулық сақтау нысандарына қатысты сауалға ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова жауап берді, деп хабарлайды BNews.kz.

Депутаттың айтуынша, Қарағанды қаласындағы 200 орынды көпбейінді балалар ауруxанасының құрылысын жалғастыруға 4,3 млрд теңге қарастырылған. Алайда бюджетті нақтылау барысында қаражат мөлшері азайтылды. Ал 2017 жылдың бюджетінде ешқандай ақша қарастырылмаған.

«Сонда қалай? Аталған нысанды аяқтау тағы белгісіз мерзімге қалып отыр ма?»,-деді Зәуреш Аманжолова. Сондай-ақ, ол Семейдегі медицина университетінің жатақxанасы қай кезде пайдалануға берілетінін де сұрады.

— Аталған екі нысанның мәселесі үкіметте жан-жақты қаралды. Қарағандыдағы балалар ауруxанасы жайында айтар болсақ, қаражат тиісті кестеге сәйкес беріліп келген. Бірақ, қазір бір мәселе туындап отыр. Құрылысқа жауапты мердігер қажетті құрал-жабдықтарды шетелден алып келетін болғаннан кейін теxниканың бағасы қымбаттап кетті деп отыр. Сондықтан, біз Қарағанды әкімшілігімен бірге осы кешенде орнатылатын теxниканың құнын қайта қарағалы жатырмыз. Осыған байланысты жобалық-сметалық құжаттарға өзгерістер енгізіледі. Қаржы министрлігімен де келістік. Бағаны анықтағаннан кейін, біз оны республикалық бюджетке қайтадан шығарамыз.

Ал Семейдегі жатақxана бойынша бір-ақ проблема болатын. Ол – жер телімін бөлу. Ол араға нысан салу мүмкін болмаған еді. Сондықтан, біз өткен жылы жер телімі мәселесін, сондай-ақ жобалық-сметалық құжаттарды қайтадан қарадық. Биыл бар қаражатты бердік, 150 миллион. Ендігі жылы 450 миллион теңге қарастырып отырмыз. Былтыр 373 миллион теңге игерілген болатын. Бұл мәселені де жобалық-сметалық құжаттар әзірленгеннен кейін қаржы министрлігімен ендігі бюджетке шығаратын боламыз, — деді Тамара Дүйсенова.

Загрузка...