Білім беру мекемелері мұғалімдерді демалыс кезінде біліктілігін арттыруға жіберуге құқығы жоқ.
Бұл туралы ҚР білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева мәлімдеді деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары.
– Біз министрдің атынан ешбір жұмыс беруші, білім беру мекемесінің басшысы мұғалімді курсқа жіберуге құқығы жоқ деген бұйрық бердік, ал мұғалім демалысын толық өткізуге тиіс және тек қалған уақытында біліктілігін арттыруға тиіс. Әрбір білім беру басшысына ұстаздың уақытында демалуына және осы курстардан өтуіне жеке жауапкершілік жүктелген, — деді Суханбердиева жұмада өткен арнайы баспасөз конференциясында.