Елордада Парламент Сенатының пленарлық отырысында Дариға Назарбаева сенаттың халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Бұған дейін аталған комитетке жетекшілік еткен Икрам Адырбеков бұл қызметтен босатылды. Адырбеков әріқарайғы қызметін комитеттің мүшесі ретінде жалғастыратын болады.
Айта кетсек, 13 қыркүйекте Дариға Назарбаева Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалған еді.
Аталған жиында сонымен қатар Сенат төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды. Палата төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың орынбасары қызметін ендігі жерде Бектас Бекназаров атқаратын болады.