Дариға Назарбаева Cенатта жастарды әскерге көптеп шақырту мәселесін көтермек

88 просмотров

ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалған Дариға Назарбаева Сенатта жастарды әскерге көптеп шақырту мәселесін көтермек.

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Д. Назарбаева тілшілерге берген сұxбатында алдымен жаңа қызметіне қатысты пікірімен бөлісті.

«Меніңше сенаторлық қызмет өте жауапты әрі қызық жұмыс, мен үшін таңсық емес. Бір қуантарлығы, мен жаңа саламен айналысатын боламын. xалықаралық қатынастар, қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері мойнымда болады. Алда әлі қызық жұмыстар күтіп тұр», — деді ол.

Сонымен қатар ол сенатта қандай жұмыстарды бірінші қолға алатынын айтып берді.

«Ең бірінші неден бастаймын?! Егер қорғаныс туралы айтатын болсақ, Үкіметте біз жастардың ісін көтерген болатынбыз. Мектеп бітірген жастар арасында колледжге де, жоғары оқу орындарына да түспейтіндер көп. Олар жұмыссыз қалады. Осы тұрғыда статистикалық мәліметтер өте нашар. Жыл сайын мектеп бітірген 24 мыңға тарта түлек еліміздің не экономикалық, не әлеуметтік кеңістігіне ене алмауда. Мен келісімшарт бойынша қызмет атқарып жүрген әскерилерді қысқартып, жедел әскери қызметке қабылданатындардың санын көбейтуді көтергім келеді. Жастар әскерде міндетін атқаруға мүмкіндік беру керек. Жаңа мамандықтарды меңгеріп алар еді», — деді ол.

Дариға Назарбаеваның айтуынша, одан армияда, мемлекетте ұтады. «Келісімшарттағылар бізде өте көп. Ауыл жастары үшін бұл әлеуметтік лифт болады», — деді сенатор.

dariga-nazarbaeva

Загрузка...