Бүгін Астанаға Рио олимпиадасынан Қазақстанның бокс құрамасының капитаны, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов оралды.
Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.
Түнгі уақытқа қарамастан, оны күтіп алуға туыстары мен жақындары, жанкүйерлері келді.
“Мен өте қуаныштымын, ол үшін қатты уайымдадым, өте қорқынышты болды. Мен оның жарақатын көргенде, құлай жаздадым. Қазір барлығы жақсы, біз өте бақыттымыз”, – деді Д. Елеусіновтің зайыбы “ҚазАқпарат” тілшісіне берген сұxбатында.
Финалда Д. Елеусінов Өзбекстан боксшысы Шаxрам Гиясовтан басым түсті.
Риодан Даниярмен бірге оның әкесі және жеке бапкері – Марат Елеусінов те келді.
“Іштегі сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, мен өте бақыттымын. Біз бұған көп жылдар бойы талпынып келдік, енді міне соған да қол жеткіздік. Жанкүйерлерге мың алғыс. Танымайтын адамдардың өзі жазып жатыр, қоңырау шалып жатыр – бізге өте қуанышты”, – деп атап өтті М. Елеусінов.