Данияр Елеусінов АҚШ-қа кетеді дейді

91 просмотров

Рио Олимпидасының чемпионы, қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов кәсіби рингке шығу үшін АҚШ-қа кетуі мүмкін.

Бұл туралы Sports.kz жазады.

Boxing News мәліметіне сүйенсек, 25 жастағы боксшы жақында ағасы Дәуренге қосылып, кәсіби рингке шығуы мүмкін екенін айтқан.

Риодан келгеннен кейін журналистерге берген бір сұхбатында Данияр келесі — Токиодағы Олимпиадада бағын сынау арманы екенін айтқанын еске сала кетелік. Әлде одан кейін алтын медальды қазақ ұлы ойын өзгертіп үлгерді ме екен?..

Загрузка...