Дамир Рыспаевтан қорыққан қытай хоккейшісі өтірік талып қалыпты (видео)

2 898 просмотров

Қазақ хоккейшісімен арада болған төбелестен соң мұз айдында талып қалып, ауруханаға шұғыл жеткізілген Қытайдың „Куньлунь„ хоккей клубының шабуылшысы, словак Томаш Марцинко өз команда сапына қайтадан қосылды. Оның денсаулығынан дәрігерлер ешқандай кінарат таппаған.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

„Томаш Марцинконың бас-сүйегіне, миына зақым келген жоқ. Ол ауруханаға келіп түсе салысымен, дәрігерлер барлық сараптама түрінен оны өткізген. Басын рентгенге түсірген. Басынан ешқандай жарақат белгісі табылмады.  Ауруханада жатуына себеп болмаған соң ол босатылды„ деп хабарлады „Барыс„ хоккей командасының баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, кеше ҚР Президенті кубогы үшін басталған жарыс күні Астананың „Барысы„ «Куньлунь Ред Стар» қытай командасын ұтып кетті. Техникалық ұтылыс жарияланып, таблодағы есеп: 5:0 болды. Дамир Рыспаев пен Мадияр Ибрайбеков бастаған жаппай төбелестен соң Қытай тарапы ойыннан бас тартты.

Елбасы кубогына талас 12 тамызға дейін жалғасады. Бүгін мұз айдында қазақстандық „Барыс„ Ресейдің „Металлургімен„ бетпе-бет келеді. Ойын уақыты — 19.00.

Загрузка...