Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Далада қалған көпбалалы анаға үй салып беру үшін жер мәселесі шешілмей тұр

Еске сала кетелік, бірнеше күн бұрын бес балалы ана баспанасыз далада қалған. Сондықтан ол жергілікті молдадан көмек сұрап барған. Ол Гүлжаһанға журналистерге хабарласуға кеңес берген.

Гүлжаһанды бес баласымен күйеуі тастап кетіпті. Жалдап тұрып жатқан пәтер ақысын төлеу де қиындаған. Қарыздары да күн өткен сайын көбейген. Қарызы төленбеген соң әйел құжаттарынан да айырылған.

Бүгін көпбалалы анаға тілші Гүлжан Байназарова бірбөлмелі үйді жалға алып, екі айының ақысын төлеп берді. Созақ ауданының бір тұрғыны оған қажетті заттарды әкеліп берген.

Осыған дейін тұрған пәтер иесіне қарызды төлеу де мүмкін болған. Қолы ашық жандар ақшалай көмектескен. Сөйтіп әйел отбасына тиесілі құжаттарды кері қайтарып ала алды.

Шымкент қаласындағы еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен белгілі болғандай, Гүлжаһанға көпбалалы отбасы ретінде субсидия мен жәрдемақы қарастырылады екен. Ондағы мамандар 5 күн ішінде бұл жайтты еңсеріп беруге уәде етті.

Гүлжаһанның балалары өткен жылы оқыған Ордабасы аудандық білім басқармасы төрт баланы оқушы киімімен және оқу-құралдарымен қамтамасыз етті.

Бүгінгі таңда Гүлжаһанның атынан ашылған шотқа 100 мың теңге жиналып қалды.

Редакцияға көпбалалы отбасыға үй салып бергісі келетінін айтып, бір кәсіпкер хабарласқан. Алайда, ол үшін, алдымен жер телімі мәселесін шешіп алу керек екен.

Ал Гүлжаһанға балабақшадан жұмыс ұсынылып отыр. Кіші қызы да сол балабақшаға баратын болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз