Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Құдай-ау, қоймады ғой! Бензин тағы қымбаттайды дейді

Ал, қымбатшылықтың алдын-алу үшін заңға өзгеріс қажет дейді экономистер. Себебі, былтыр бензин бағасы еркіндікке жіберілгелі, қымбаттауын тоқтатар емес. Қазір жанармай бекеттерінде 92-інші бензин 129 теңгеден сатылуда. Ал, АИ-95 құны 152 теңгеге жетті. Дизель де қымбаттай түскен. Тамызда солярканың да бағасын реттеуден бас тартқанда Энергетика министрлігі оның құны 115 теңгеден аспайды деген. Онысы да құр сөз күйінде қалды. Қазір сұйық отынның бұл түрі 129 теңгеден сатылуда. Сарапшылар бұл жағдайға монополистерді айыптаса, монополияларды реттеу агенттігі тұшымды жауап бере алмай отыр.

Нұржан Уранхаев, Алматы қаласы табиғи монополияларды реттеу департаменті басшысының орынбасары:

– Біз сараптама жүргізіп жатырмыз. Егер бағаның заңсыз көтерілгені анықталса, тиісті шара қолданылады. Негізі, баға еркін айналымға жіберілгендіктен, олар сұйық отын құнын өзгерту туралы бізді хабардар етуге міндетті емес.  

7f9ea5136fcd15461febdbfccff3d995__550x320__resize__crop__q95

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз