Дахан Шокширұлы: Шетелден ағылған көшті қайта жаңғыртсақ, жер мәселесі де шешіледі

38 просмотров

Жер реформасы жөніндегі комиссияның төртінші отырысында сөз алған оралман-журналист Дахан Шокширұлы шетелден ағылған көшті қайта жаңғыртсақ, жер мәселесі де шешіледі деген пікір айтты.

«Мен сонау Моңғолиядан келген қазақтың бiрiмiн. Қазiр Қазақстанның толыққанды азаматымын. Менiң айтайын дегенiм, Елбасы бастап берген ағайындарды көшiру тоқтап қалды. «Көш жүре түзеледi» деген сөз бар, бiздiң көшi-қонымыз түзелмей қалды. Жақсы идеялар бар, жақсы заң шықты. Бiрақ заңның ережелерiнде қателiктер бар. Жер мәселесi жердiң үстiндегі адамның барлығына қатысты», — деді Дахан Шокширұлы.

Журналистің айтуынша, сыртта, шетте жүрген азаматтар елге келіп, осы жерге ие болуы керек.

«Көздерi жаудырап жүрген қазақтарды алып келiп, сол бос жатқан жерлердi берсе игi. Өзбекстан, Қытай қазағы жер игерген қазақ. Олар жердің қадірін біледі. Игере де алады», —

дейді Дахан Шокширұлы.

Журналист Комиссия мүшелігіне оралмандардың кірмей қалғанына қынжылыс білдірді. Алдағы уақытта осыны ескеруді ұсынды. Шеттен келген оралман ағайындарға жер бөлу мәселесін де қарастыруды айтты.

Загрузка...