Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Дағдарысқа қарамастан Қазақстанда үйлер жақсы сатылып жатыр

2016 жылдың наурызында тұрғын үй нарығында 14,2 мың сату мен сатып алу бойынша келісімшарт жасалған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 23 пайызға артық көрсеткіш.

2015 жылдың желтоқсанынан бастап көпқабатты тұрғын үй пәтерлерінің көптеп сатылуы тіркелген. Егер осыған дейін екі жыл бойына пәтерлердің сатылым деңгейі 66 пайыздан аса алмаса, ал соңғы айларда бұл көрсеткіш 70 пайыз деңгейін сақтап тұр.

2016 жылдың наурызында өткен жылмен салыстырғанда пәтерлер сатылымы 30 пайызға, ал жер үйлер – небәрі 9 пайызға артқан.

Екі ай қатарынан баспана сату мен сатып алу келісімшартының көлемі бойынша Астана мен Алматы қалалары көш бастап тұр.

Наурыз айында елордада сатылым деңгейі екі есеге өсіп, 93 пайызды құраған. Алматыда наурыз айындағы бұл өсім деңгейі 49 пайызды көрсетеді.

Тіпті, қаңтар айында республиканың барлық аумағында сатылым деңгейі күрт төмендегенде, бұл екі ірі қалада өсім 25 пайызды құраған.
Үй сатылымы бойынша рейтинг тізіміне аталған екі қаладан тыс Ақтөбе (+23%), ОҚО (+19%), Ақмола және Қызылорда облыстары (+15%), сонымен қатар Қарағанды облысы (+12%) ілінген.

Ал соңғы кездері Атырау мен Павлодар облыстарындағы тұрғын үй нарығындағы белсенділік күрт азайған.

3333

Дереккөз: ranking.kz

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз