Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
2
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Дұрыс болды! Елімізде педофилдердің ДНК-сы жиналып, ортақ базада сақталады

Онда педофилдердің мекен-жайы мен жеке басы туралы ақпараттан бастап саусақ пен алақан іздері, шаш, қан секілді ДНК-сын анықтауға қажетті заттар сақталады. Сөйтіп, Ішкі істер министрлігі мың жарымға жуық азғынды арнайы тізімге енгізіп қоймақшы. Негізі мұндай бастама талай көтерілгенімен, бес жылдан кейін ғана іске асыру жоспарланған болатын. Бірақ, ұл-қыздар педофилдердің құрбанына айналып жатқанына алаңдаған депутат Балиева мұны қазірден қолға алу қажет деп отыр. Бүгін балаларды қаскөйлерден қорғауға арналған құжатты Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдап жіберді.

Зағипа Балиева, Мәжіліс депутаты:

-Біз қоғамды барынша қауіпсіз еткіміз келеді. Әсіресе, балалар үшін. Түрмелерде қазір жүздеген педофил жазасын өтеп жатыр. Ертең олар бостандыққа шығып, бұрыңғы әдетіне қайта басуы мүмкін. Сондықтан оларды қазірден бақылауға алу керек. 

 main_big1
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз