Дәрумен ретінде сатылатын кейбір БАД у боп шықты

155 просмотров

Кейбір басылымдарда жарнамаланып жүрген, Қазақстанда тіркелмеген биологиялық белсенді қоспалар адам денсаулығына зиян болып шықты.

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті хабарлайды.

„Қазақстанның өңірлік газеттерінде тұтынушыны жаңылдыратын, адам өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін биологиялық бесенді қоспа туралы жарнамалық ақпарат табылды„ делінеді ресми хабарламада.

Мониторинг кезінде өңірлік «Ақжайық», «Мой город», «Спектр», «Южный Казахстан» газеттері биологиялық белсенді қоспалар туралы жарнама мақалалар жарияланғаны анықталды.

Комитеттің ақпаратына сәйкес, мақалалар ішінен Қазақстанда тіркелмеген мынадай биологиялық белсенді қоспалар анықталды: «Лицетинмен мадерия» бальзамы, Алкостопин Форте, «Литомасло «Сила мужчины».

Қазір шаралар қабылдау мәселесі пысықталуда. Сондай-ақ жарнаманы бақылау мақсатында тұрақты негізде бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет-ресурстардың мониторингі, оның ішінде биологиялық белсенді қоспаларды жарнамалау мәселелерін түсіндіру шаралары өткізілетін болады.

Загрузка...