Дәрігердің жазып берген дәрілеріне неге сенуге болмайды?

85 просмотров

Байқасаңыз, соңғы жылдары Қазақстанда дәріхана қаптап кетті. Ал дәрігерлер олардың дәрілерін «сатумен» айналысып жүр.

145086017366se5_1000x768Иә, біздің қоғамда дәрігерлердің біліксіздігіне шағымданатындар күрт көбейді. Мәселен, сіз емханаға барғанда, немесе учаскелік дәрігеріңіз үйіңізге келіп, дәрі тағайындағанда көп нәрсені аңғармауыңыз мүмкін. Дәрігердің жазып берген дәрілеріне неге сенуге болмайды?

Қазір қазақстандық медицинада кеңінен қанат жайған сыбайластық бар. Бұл «ауыз жаласу» фармацевтикалық компаниялар мен дәрігерлердің арасында орын алып отыр. Оған дәлел іздеп алысқа барудың қажеті жоқ.

Дәрігерлер шетінен саудагер екен

Мысалы, бір науқас дәрігерге келді делік. Науқасты қарап болған соң, дәрігер тиісті дәрілер тағайындайды. Ал

жазып берген дәрілердің кемінде 2-3 түрі бір брендтің өнімі болса — алдыңыздағы адам дәрігер ғана емес, аталған фирманың өнімін таратушы.

Өйткені, ол әрбір жазылған рецептіден өзіне тиесілі пайызын алып отырады. Егер дәрігер 3000 теңге тұратын бір дәріні тағайындаса, оған шамамен 10 пайызы, яғни 300 теңге пайда түседі. Егер орташа есеппен күніне 10 науқасқа тағайындайтын болса, 3000 теңге түседі. Ал оның науқасқа бір ғана дәрі тағайындамайтынын ескерсеңіз, қанша пайда табатынын есептей беріңіз. Бұл жерде науқасқа айтылатын басты шаблон: «Компанияның штаб-квартирасы Англияда немесе Германияда». Шындығында ол дәрінің өзі қайда, қандай жағдайда, қандай сапада дайындалатыны маңызды емес. Мұндай әдісті фармнарықта World Medicine, EL-company, Rotapharm секілді компаниялар өте жиі қолданады.

Көпшілік үшін жұмбақ болатын фарм бизнес жүйесінің иерархиясы былай орналасқан:

Сіз бен біз баратын дәріханалар өзара 3 деңгейге бөлінеді.

  • Күніне 150 мың теңгеден төмен айналымға сауда жасайтындар – «С» деңгейіндегі дәріханалар. Бұлар – шағын, ең «кедейлері».
  • Күніне 150 мың теңгеден 350 мың теңгеге дейін сауда жасайтындар «В» деңгейлі дәріханалар.
  • Бұлардың арасындағы ең «шонжарлары» күніне 350 мың теңгеден жоғары сомаға дәрі-дәрмек сататындар«А» деңгейлі дәріханалар.

Одан бөлек, Алматы қаласында «Садыхан», «Рауза», «Евроаптека» деп аталатын дәріхана желілері бар. Олардан көбіне С деңгейдегі дәріханалар келіп, көтерме бағалармен тауар алады. Бұлар қалған деңгейдегі дәріханалармен бірге фармнарықтағы Medservice Plus, Amity, Аманат, Стофарм, Заман Фарм, EuroPharma секілді дилерлермен келісім-шартқа отырып, солардан сауда жасайды.

Ал, бұл дилерлер өз кезегінде жекелеген дәрі өндіретін Sanofi, Santo, Stada, Нижфарм, Nobel, Valenta, World Medicine, EL-company, Rotapharm секілді компаниялармен келісім-шарт жасасып, тауар алып отырады.

Белгілі бір компанияның өнімін жақсы сатқан дәріханалар мен дилерлерге қосымша бонустар қарастырылады. Кейбір дәріханалар

егер науқас дәрігердің рецептісінсіз келсе, өздері келіскен компаниялардың өнімін бірінші ұсынады.

Алдымен дәрінің арзанын сұраңыз!

Қорыта келгенде, бетін әрі қылсын, алда-жалда ауырып, дәрігерге бара қалсаңыз, ол жазған тағайындауға назар аударыңыз. Егер, ондағы 2-3 препарат бір фирманың өнімі болса,

дәріханаға барғанда тағайындалған дәрінің арзандау аналогы бар ма, міндетті түрде сұраңыз.

Себебі, дәріханашының өз еркімен дәрігер рецептісін өзгертуге хақысы болмағандықтан, өзіңіз сұрамасаңыз, сізге арзан баламасын ұсына алмайды.

f46577a9ebf0e8560edb7630869

 

Загрузка...