Cолтүстік пен Шығыста жауын-шашынды болады

21 просмотров

Синоптиктердің болжауынша, бүгін еліміздің солтүстігінде, шығысында күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады.

Тек республикамыздың батысында және оңтүстігінде ауа райы жауын- шашынсыз болады.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай, күндіз Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 метрге дейін күшейеді.

Қостанай, Павлодар, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарында бұршақ болуы ықтимал.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.

Атырау,  Қызылорда облысының  кей жерлерінде  өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Загрузка...