Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Что в имени тебе моем?”. Оралдықтар ауыл мен көше аттарын қазақшалауды дауысқа салып жатыр

111

Бұл жаңалыққа елең еткен „Уральская неделя„ басылымы өз интернет-ресурсында бүгіндері бұл бастаманы қолдайтынын-қолдамайтынын алдын ала білу мақсатында дауыс жинай бастады. Осы мәліметтен құлағдар ете отырып, біз оқырмандарымыз арасында оралдықтар болса, елдігіміз үшін маңызды сауалнамаға қатысудан қалыс қалмауды ескертіп, дауыс беруге шақырамыз.

Ол үшін мына сілтеме арқылы өтіп, қолдайтын пікірді айтқан адамның суретін бассаңыз болғаны.

Ал елді-мекен атауын қазақшалау туралы бастамаға қатысты оралдық қауымның қарама-қайшы пікірлері былайша болып келеді.

Геннадий Мухин, „Ескі Орал„ мұражайының директоры:

– Мен қарсымын. Өйтсек тарих өзгереді. Мысалы, Коловертное ауылы Оралдан да үлкен, оған шамамен 300 жыл. Бір уақытта, ол жоқ болып кетеді. Әрине, бұл ауылдарда орыстар тұрғаны, қазір оған қазақтар көшіп келіп жатқаны түсінікті. Тіпті, қазақша атау беруді жақтайтындар басым болады. Өйткені ондағы тұрғындардың басым бөлігі қазақтар ғой. Меніңше, бұл азаматтың құқығын бұзу және тарихты бұрмалау. Мүмкін біз атауды өзгертуге қарсы қол жинайтын шығармыз. Әзірге, ойланып отырмыз.

Жантас Сафуллин, қалалық мәслихаттың депутаты:

– Біз бүтіндей елді-мекен мен көше атауларын қазақшалап тастайық деп жатқанымыз жоқ. Ішінде мән-мағынасы жоқ атаулары бары белгілі. Тіпті, бір атауда бірнеше көше де бар. Адам шатасады. Сол секілді патша заманынан келе жатқан атаулар бар. Әрине, бұл іс жергілікті халықтың келісімімен жүзеге асырылады. Сондықтан жергілікті тұрғындар осы істің маңыздылығын түсінсе деймін. Біз ұлтараздық мәселесін қоздыруға қарсымыз. Сондықтан мен депутат ретінде қолға алынбақ бұл шара туралы елді-мекендерге барып, түсіндіріме жұмысын жүргізуге дайынмын. Бірақ менің пікірім – атауларды өзгерткен дұрыс.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз