Чехияда ДХР-дың «Еуроодақтағы алғашқы өкілдігі» ашылды

9 просмотров

Өзін азат ел деп жариялаған «Донецк халық республикасының (ДХР)» билігі бейсенбі күні Еуроодақта «өкілдігі» ашылғанын мәлімдеді.

«ДХР консулдығы» делінетін мекемені Чехияның Острова қаласында ашу көзделген. Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, орталық «ешкім білмейтін ел туралы Еуропаға шынайы хабар таратумен» айналысады, деп хабарлады Чехия радиосы.

Чехияның сыртқы істер министрлігі мұндай «өкілдіктің» ашылуына қарсы шықты. «ДХР» халықаралық құқық субъектісі болмағандықтан, басқа ел аумағында консулдық ашуға құқығы жоқ. Чех дипломаттарының айтуынша, кеңсе «ДХР өкілдік орталығы» қоғамдық ұйымы ретінде тіркелген.

Донецк халық республикасы делінген құрылымды ресейшіл сепаратистер Украинаның оңтүстік-шығысында 2014 жылдың көктемінде құрды. Киев және Батыс елдері Ресейді Украинаның шығысында сепаратистерді қолдап, оған қару-жарақ пен әскер берді деп айыптап келеді. Кремль бұл айыптарды жоққа шығарып отыр.

F3EC9554-2BCA-4213-83B4-9D47FAB285F6_w987_r1_s

 

Загрузка...