Танымал әнші Сәкен Майғазиев әнші Жанболаттың туған күніне ерекше құттықтау жолдады. Ол Жанболатпен бірге гитара асынып, таяқ жеген күндерін еске алып, жазба қалдырды.
“Студент кезімізде Жанболаттың гитарасын арқалап Алматының қай жатақxанасына қонаққа бармадық десеңізші. Бірге таяқ жеген, бірге қашқан күндеріміз қаншама. Жанболат өте қатты төбелесетін. (Қазір де солай ғой. Бірақ, қазір кімді ұрасың? Құдай төбелестен сақтасын.) Жанболатқа, Ералыға, Мақсатқа сеніп талай оқыраңдадық қой. Жанбо, туған күніңмен, досым! Алла қалап, Жазкобай бір қыз туып берсе… Сосын тағы туған күндер бола жатар, әзірге тілек осы”, – деп жазып, Жанболатқа құттықтау жолдады ол.
Желі қолданушылары Сәкеннің бұл жазбасын оқып, әдемі естелік айтып бергеніне риза болысты.