Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Британия жемқорлар үшін жайсыз болмақ

Ұлыбританияда мүлкі бар немесе оны сатып алғысы келетін, немесе үкіметтік келісімшарттардың конкурсына қатысатын шетелдік компаниялар иелерін жариялауы шарт, делінген ел премьер-министрі Дэвид Кэмеронның кеңсесі таратқан  мәлімдемеде, деп жазды РБК.

Англиядағы және Уэльстегі шамамен 100 000 нысан шетелдік  компаниялардың иелігінде, делінген мәлімдемеде.

Компаниялар  жеке меншік  бенефециарлары туралы ақпараттың қоғамдық тізіміне тіркелуге міндеттеледі.   Тізім келесі айда іске қосылады. Франция, Нидерланды, Нигерия және Ауғанстан Британиядан үлгі алып, өз тізімдерін құрады. Австралия, Жаңа Зеландия, Иордания, Индонезия, Ирландия және Грузия мұндай тетіктерді құру бағытында жұмыс істеуге уағдаласты.

«Шетелдік компанияларға арналған жаңа тізім жемқорлардың қылмыстық әрекеттерін жүзеге асыруға кедергі келтіреді. Олар мемлекет қаражаты есебінен пайда таппайды», – делінген мәлімдемеде.

Сонымен қатар хабарламада Ұлыбританияда әлемдегі бірінші Халықаралық жемқорлыққа қарсы үйлестіру орталығы құрылатыны аталып өтілді. Ол Лондонда орналаспақ. Бұл ретте Британиямен АҚШ, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, Швейцария және Интерпол ықпалдасатын болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз