Бразилияның футбол құрамасы өз тарихында алғаш рет олимпиада чемпионы атағын жеңіп алды.
Бұл туралы Азаттық хабарлайды.
Сенбінің кешінде Рио-де-Жанейродағы әйгілі «Маракана» стадионында өткен финалдық матчта алаң иелері Германия командасын 5:4 есебімен ұтты.
Ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен тең аяқталды. Қосымша уақытта екі жақтың да қақпасына доп түскен жоқ.
Қола медальді Гондурас командасын 3:2 есебімен ұтқан Нигерия футболшылары иеленді.