Каратэден және ММА-дан үш дүркін әлем чемпионы Айдар Махметов Рио-де-Жанейродағы Олимпиаданың бірінші жарыс күніне қатысты болжам жасады.
Ол өз болжамымен Facebook-гі жеке парақшасында бөлісті.
“Бүгін жеңіл салмақтағы дзюдошыларымыздың бағы жанды.
Ерлер арасында 60 келі салмақта елдің намысын әлем және Азия чемпионы Елдос Сметов қорғайды. Жеребе тартуда оның жолы болды, әрине оның халықаралық жоғары рейтингісін есепке алсақ, бұл заңды да.
Сметовке Олимпиаданың «күмісі» бұйырады деп болжап отырмын.
Әйелдер арасында 48 келі салмақта жеребе тартуда біздің Галбадрах Отгонцецегтің де жолы болды. Оған ширек финалға шығу үшін әлсіз қарсыласынан тек 1 жекпе-жекті жеңуі керек. Содан кейін ол жапондық Кондомен тартысқа түсуі мүмкін.
Жеңілген күннің өзінде Отгонцецегте «қоланы» алуға барша мүмкіндіктер бар.
Ал Бахтияр Қожатаев пен Андрей Зейц қатысып отырған топтық шосселік веложарыста алғашқы “ондыққа” кіру үшін қандай да бір мүмкіндік көріп тұрғаным жоқ.
Ал бокстан, менің ойымша, 60 келі салмақта америкалық қарсыласын бірінші додасында біздің Берік Әбдірахманов жеңетін болады”.
Айдар Махметов, Facebook-гі жеке парақшасындағы жазбасы