Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-3
USD
447
-1.37
EUR
482
-1.65
RUB
4.84
-0.02

Болжам мәз емес – дағдарыс тереңдей, теңге құлдырай бермек

Валюталық кірістің қысқаруының негізгі себебі бұрынғыдай, Қазақстанның негізгі экспорттық тауарлары — шикі мұнай мен металлдар бағасының құлдырауы болып отыр. Әлемдік бағалардың мұнайға деген ұсыныстың сұраныстан жоғары болуы, жаһандық экономика өсімінің баяулауы салдарынан орын алып отырғанын атап өткен жөн. Бұлардың соңғысын ұзақ тоқыраудың күтіп тұрғаны да ғажап емес. Шамасы, мұнай нарығындағы теңгерімсіздік те жуық арада жоғала қоймас.

Бюджет тапшылығы

Бүгін табиғи байлықтар қатты құнсыздананып, доллардың құйылуы сарқылғанда (атап айтарлығы, мұнайдың төмен бағасы — ұзаққа созылатын дүние), үкімет «аяқ астынан» басқа табыс көздерінің жеткіліксіз екенін түсінген көрінеді. Еліміздің өндірістік секторы өндірістің құлдырағанын көрсетіп отыр, экономика құрылымындағы өндіріс үлесі 30-дан астам пайыздан 25,5 пайызға дейін төмендеген. Атап айтқанда, бизнес субъектілері тек 2015 жылдың III-ші тоқсанында 1,97 трлн. теңге шығын жинақтаған. Импорт төмендеуде, елімізде валюта кірісі қалмай барады, инвестиция үшін пайдаланылатын қаржы қысқарып жатыр…

Атап айтарлығы, біздің билік халықты «көрпеге қарай көсілуге» шақырғанымен, өзі сұранысын шектеуге құлықты емес. Атап айтқанда, 2015 жылы үкімет мелмекеттік бюджеттің шығысындағы ірі баптардың бірі – әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз етуге – барлығы 1,7 трлн теңге жұмсаған. Сонымен қатар, сол кезде Ұлттық банк пен Ұлттық қор бюджеттен тыс «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына дәл осындай сома – 1,5 трлн теңгені бөлген, атап айтарлығы, мұндай қаржыландырудың мақсатын түсіндіруді ешкім қажет деп тапқан жоқ.

Дегенмен бюджетті толықтыру қажет, сондықтан орта және шағын бизнеске және ресми жұмыс істейтін халыққа салынатын салықты көтеру туралы шешімдер қабылдануда. Осы орайда, атап айтар нәрсе, ресми статистикаға сәйкес, Қазақстан халқының жартысына жуығы айлық өнімділігі 100 мың теңгеден төмен өндіріске тартылған. Бұдан бөлек,2015 жылы халықтың адам басына шаққандағы шынайы табысы 5 пайыздан астам мөлшерге төмендеген, ал еңбекақы бойынша қарыздар өсіп жатыр. Шамасы, шетелдік дипломдарға, ғылыми атақтарға қол жеткізген

біздің шенеуніктер әлі күнге дейін дағдарыстық кезеңде салық салмағын ұлғайту экономика өсімінің құлдырауына әкеліп соғатынын білмейтін сыңайлы

Әлбетте, баға конъюнктурасының нашарлауынан орын алған шығынның орнын ішінара өндіріс көлемін ұлғайта отырып толықтыруға болады, бірақ отандық экономиканың ондай мүмкіндіктері жоқ. Мұнай өндіру көлемінің құлдырауы жалғасуда (егер 2013 жылы 81,8 млн тонна мұнай өндірілсе, 2015 жылы – 79,5 млн тонна, ал биыл 74 млн тонна өндіріледі деп күтілуде), металлургия саласы тоқырауды басынан кешіруде. Үдемелі инновациялық индустриалдық бағдарламасы жоспарланған нәтижелерді бермеді.

Биліктің бағалауы бойынша, 2016 жылы өндірістік өнімді өндірудің құлдырауы 2 пайызды құрайды, тау-кен өндіру саласында ол 5, өңдеу саласында 1,4 пайызға қысқарады. Экономиканың басқа басқа салаларында да көрсеткіштер жоғары болмайды деп күтілуде. Теңге девальвациясы, шикізатқа әлемдік бағалардың төмен болуы халықтың сатып алу қабілетінің төмендеуіне, ішкі сұраныстың және кәсіпорындардың өндірісті кеңейту мен оған жаңа құрал-жабдықтар сатып алуға жұмсалатын қаржының қысқаруына әкеліп соқты.

Тарифтер мен бағаның өсуі

Халықаралық қаржы институттары әлемдік экономика өсу қарқыны бойынша құлдырауға қарай бет алады деп болжап отыр. Бұл сыртқы ахуалда жақсару болмайды дегенді білдіреді. Ол аз болса, бұл сыртқы факторларға

2016 жылы күтіліп отырған мұнай өндірудің көлемін қысқаруы қосылады, бұл тау-кен өндірісі үшін жағымсыз болашақ мүмкіндігін күшейтіп, инфляцияның (биылғы үш айда ол 3% құрады) өсуіне және девальвациялық күтілімнің сақталуына жетелейді

Инфляцияның өсуі тұтынудағы импорт үлесінің елеулі болуымен, еркін валюталық тәртіпке және отын мен басқа бірқатар тауарлардың еркін баға құрылымына көшумен түсіндіріледі.

„ҚазМұнайгаз„ Ұлттық компаниясының басшысы Сауат Мыңбаев Қазақстанда бензиннің бөлшек сауда бағасы өсетінін уәде етіп қойған-ды

Оның себептері арасында сәуір айында Ресейдегі ондаған мұнай өңдеу зауыттары бір мезетте жөндеуге жабылып, жұмысын тоқтатуы салдарынан көршіміздегі бензин бағасының өсуі де бар. Ал бензин бағасы инфляцияның өсуіне тікелей әсер етеді — барлық тауар бағасында көлік шығындары бар.

Қаңтар айында Ұлттық экономика министрлігі коммуналдық қызмет бағасының өсетінін уәде еткен-ді.

Атап айтарлығы, тұрғындар үшін тарифтер орташа есеппен 6 пайыздан 20 пайызға дейін өсетін болады. Тарифтер өсуінің себептері бұрынғыдай: станциялардағы электр энергиясын өндіру, отын, шикізат, материалдар, экономиканың реттелмейтін секторындағы қызметтер бағасының, салықтардың өсуі. Атап айтқанда, ақпанда коммуналдық қызметтер қаңтарға қатысты 2,8 пайызға өскен. Бірақ 2015 жылғы ақпанмен салыстыратын болсақ, олар 11,2 пайызға артқан. Темір жол көлігінің қызметі де қымбаттаған – бір айда 3,2 пайызға, бір жылда – 7 пайызға.

Өзінің „жаңалықтарын„ басқалар да енгізуде, мәселен,

Энергетика Министрлігі — ол электр энергиясының тарифін теңге бағамына байлап қоюға ниеттеніп отыр,

бұл қадамды инвестициялар тарту қажеттігімен түсіндіріп отыр. Мұндай байлап қою келесі салдарларға әкеліп соғуы мүмкін: республикадағы экономикалық ахуал нашарлаған сайын халықтың мойнына түсетін (олардың табыстары доллар бағамына сәйкестендірілмейді) негізсіз және өсетін ауыртпалықтарға немесе инвесторлар үшін табыстылықтың жағымсыз болуына, егер олар ақшаны доллармен емес, теңгемен құйса (бұл теңге девальвациясына үміт артқандарға тиімді).

Бұдан бөлек, долларға байлап қою – еліміздегі электр энергиясының 70 пайызына дейін тұтынатын тау-кен кәсіпорындарының әлемдік нарықтағы бәсекелестік қабілетін елеулі нашарлатады. Мұндай шешімнің ел экономикасы үшін жағымсыз салдарларының толық тізімін жасауға болады. Алайда шенеуніктер үшін ел мүддесі емес, инвесторлардың табысы басымдыққа ие сияқты.

Орташа мерзімдік болжамда мұнай бағасының төмен болуы кезіндегі девальвациялық күтілімдер мен инфляцияның төмендеуі тек халық пен бизнес тарапынан биліктің экономикалық саясатына сенім болғанда орын алуы мүмкін, ал қазір, өкінішке қарай, байқалып отырған жоқ. Үкімет жүзеге асырмақшы құрылымдық реформалар (егер олар шынымен жүзеге асырылатын болса), жақын жылдарда экономиканың өсуіне ешқандай әсер етпейді. Сондықтан

жоғарыда баяндалғандардың негізінде теңгенің долларға шаққандағы ағымдағы бағамының тұрақтануы, шын мәнінде, уақытша құбылыс, негізі. теңге қайтадан құлдырайтын болады.

Орысшадан аударған Қайрат Матреков

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз