Болат Жанәділов: Үкімет жер мәселесін шешуді толық мойнына алуы керек

35 просмотров

Үкімет жерге қатысты мәселені шешуді толық мойнына алуы керек. Бұл туралы бүгін Көкшетауда өтіп жатқан Жер реформасы комиссиясының көшпелі отырысында Көкшетау қаласының құрметті азаматы Болат Жанәділов мәлім етті.

«Ауыл шаруашылығына арналған жерді сату керек пе, жоқ па? Бүгінде қоғамды толғандырып отырған осы мәселеге қатысты әрқилы пікірлер айтылып жатыр. Меніңше, шекараға жақын аймақтағы жерлерді сатуға да, жалға беруге де болмайды. Егер бір серіктестіктің иелігінің елу пайызы шет ел азаматының меншігінде болса, ол әлгі жердің, шын мәніндегі, қожайыны болмай ма?! Ондай жерге жұрт малын жая алмайды, тіпті, сол жер арқылы өтудің өзі қиын болады. Шетелдіктер инвестиция салады да, жердің пайдасын барынша көріп қалуға ұмтылады. Олардың жергілікті халықты әлеуметтік жағынан қолдауға, әлеуметтік нысандарды ұстауға көмек көрсетуі екіталай.  Осы орайда,

Үкімет жерге қатысты мәселені шешуді толық мойнына алуы керек.

Ауылды қолдауға қаншама қаржы бөлініп жатыр. Бірақ соның бәрі ауылға жетіп отыр ма? Міне, осы мәселе дұрыс шешімін тапса, яғни, бөлінген қыруар қаржы ауылға жетіп, нақты кәдеге асырылса, жағдай түзеледі деген ойдамын», — деді Болат Жанәділов.

Сонымен қатар, ол жер мәселесіне қатысы ҚР кез келген азамат пікірін білдіре алатынын және оларды ауыл шаруашылығы саласымен айналысатын немесе айналыспайтын деп бөлуге болмайтынын атап өтті.

Загрузка...